28.10.2025 12:40

Месси Әлем чемпионатында ойнағысы келетінін айтты

28.10.2025 12:40

Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшысы 38 жастағы Лионель Месси алдағы жоспарымен бөлісті

— «Әлем чемпионатында ойнасам керемет болар еді. Сол кезде бабым келісіп, ұлттық құрамаға көмектескім келеді. Келер маусымда шама-шарқымды бағалап көремін. Одан кейін шешім қабылдаймын.

Біз өткен мундиальда топ жардық. Енді сол атақты қорғап қалу үшін аянып қалмаймыз,– деді Месси.

Айта кетейік, Қатардағы соңғы Әлем чемпионатында Аргентина финалда Францияны пенальти сериясы арқылы жеңіп, топ жарған еді.

Ал 2026 жылғы дода 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram