27.12.2025 22:29
«Әл-Наср» жеңіске жетті
27.12.2025 22:29
Саудия Про-лигасының 11-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Ахдудтан» 3:0 есебімен басым түсті

Эр-Риядта өткен кездесуде Криштиану Роналду дубль жасаса, Жоау Феликс бір гол соқты.
Осылайша ұпайдан шашау шығармай келе жатқан «Әл-Наср» турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.
Келесі турда Роналду бастаған ұжым 30 желтоқсан күні «Әл-Иттифаққа» қонаққа барады.