27.12.2025 22:00

«Арсенал» жеңісті жорығын жалғастырды

27.12.2025 22:00

Ағылшын Премьер-лигасының 18-туры аясында «Арсенал» өз алаңында «Брайтоннан» басым түсті

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде Лондонның клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында Мартин Эдегор гол соқты. Сондай-ақ «Брайтон» шабуылшысы Джорджиньо Раттер автогол авторы атанды.

Осылайша 42-ұпайын олжалаған «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш басында қала береді.

Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 30 желтоқсан күні «Астон Вилланы» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram