27.12.2025 19:35

«Манчестер Сити» жеңіске жетті

27.12.2025 19:35

Ағылшын Премьер-лигасының 18-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ноттингем Форесттен» басым түсті

Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. «Қалалықтар» сапында Тиджани Рейндерс пен Райан Шерки мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Омари Хатчинсон соқты.

Осылайша 40-ұпайын олжалаған Пеп Гвардиола шәкірттері live-турнир кестесінде көш басына көтерілді.

Келесі турда команда 1 қаңтар күні «Сандерлендке» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram