27.12.2025 18:49
Олисеге төрт клуб көз тікті
27.12.2025 18:49
«Бавария» вингері Майкл Олисе жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 24 жастағы французға ПСЖ, «Ливерпуль», «Манчестер Сити» және «Арсенал» ұсыныс жасауға оқталып отыр.
Ал «Бавария» жұлдызын 130-140 миллион еуроға бағалайды екен.
Олисе осы маусымда 25 матчта 10 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.