20.07.2026 20:04
«Алтын доптың» екі дүркін иегері Кевин Киган қайтыс болды
20.07.2026 20:04
Англия құрамасы мен «Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысы Кевин Киган қайтыс болды

«Алтын доптың» екі дүркін (1978, 1979) иегері 75 жасында дүние салды. Кевин өмірінің соңғы жылдарын қатерлі ісікпен күресіп өткізді.
Кевин мансабында «Ливерпульден» бөлек «Гамбург», «Саутгемптон» және «Ньюкаслда» ойнаған. Сондай-ақ бапкер ретінде «Ньюкасл», «Фулхэм», «Манчестер Сити» және Англия құрамасын жаттықтырған.