10.12.2025 20:06

Англия наурызда екі жолдастық кездесу өткізеді

10.12.2025 20:06

Англия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында екі жолдастық кездесу өткізетінін хабарлады

Томас Тухельдің шәкірттері 27 наурыз күні Уругваймен кездессе, араға төрт күн салып, Жапониямен шеберлік байқасады. Қос матч та «Уэмбли» стадионында өтеді.

Айта кетейік, «үш арыстандар» 2026 жылғы Әлем чемпионатында Хорватия, Панама және Ганамен L тобында ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram