10.12.2025 19:52
Бруну Фернандеш АПЛ 15-турының үздік ойыншысы атанды
10.12.2025 19:52
«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының 15-турдағы үздік ойыншысы атанды

31 жастағы Португалия жартылай қорғаушысы «Вулверхэмптонға» (4:1) қарсы ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Фил Фоден («Манчестер Сити»), Хави Симонс («Тоттенхэм»), Кирнан Дьюсбери-Холл («Эвертон»), Адам Уортон («Кристал Пэлас»), Бубакар Камара («Астон Вилла») және Антон Стахты («Лидс») артта қалдырды.
Бруну осымен екінші рет бұл аталым бойынша топ жарды. Бұған дейін 13-турда үздік атанған. Ал осы маусымда жалпы 16 матчта төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.