10.12.2025 17:03

Қазақстан U17 құрамасы элитада кімдермен ойнайды?

10.12.2025 17:03

Еуро-2026 U17 додасының элита кезеңінің жеребесі тартылды

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы А4 тобында Чехия, Аустрия және Даниямен ойнайтын болды.

Әр топтан үздік шыққан бір құрама 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Эстонияда болатын негізгі турнирге жолдама алады.

Айта кетейік, отандастарымыз бірінші іріктеу кезеңінде Нидерланд, Хорватия және Албаниямен сынға түсіп, тарихта алғаш рет топтан бірінші орынмен шыққан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram