10.12.2025 16:32

«Ливерпуль» ойыншысы ат басын Миланға бұруы мүмкін

10.12.2025 16:32

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккер «Миланға» ауысуы мүмкін

Саша Тавольеридің хабарлауынша, қос тарап арасында келіссөз басталып кетіпті. Трансфер осы қыста болып қалуы бек мүмкін.

Ал «россонеридің» қазіргі қақпашысы Меньян клубпен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмай жатыр екен. 30 жастағы француз жылына сегіз миллион еуро тапқысы келеді. «Милан» болса бес миллионнан артық бере алмаймыз деп отыр. Осыған байланысты команда қақпашы іздеуге білек сыбана кірісіп кетті.

Алиссон Мерсисайд клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 14 ойында 19 гол өткізіп, төрт матчта қақпасына гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram