10.12.2025 11:38
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
10.12.2025 11:38
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга қатардан шықты

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 23 жастағы француз балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгін «Манчестер Ситиге» қарсы ойнамайды. Сондай-ақ ол 14 желтоқсан күні өтетін ішкі біріншіліктегі «Алавеспен» матчқа қатыспауы да бек мүмкін. Мадридтің клубы әлі ресми мәлімдеме жасамады.
Камавинга осы маусымда 15 ойында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал Чемпиондар лигасының 6-туры аясында өтетін «Реал» – «Манчестер Сити» матчы бүгін, 9 желтоқсанда өтеді. 01:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.