10.12.2025 10:57

Гринвуд жарап тұр

10.12.2025 10:57

Гринвуд «Юнионға» қарсы матчта дубль жасап, осы маусымдағы 13-голын соқты

«Марсель» клубының вингері Мейсон Гринвуд Чемпиондар лигасындағы «Юнион Сент-Жиллуазға» (2:3) қарсы матчта дубль жасады.

Футболшы 41 және 58-минуттарда гол соқты. Оның қоржынында осы маусымдағы Чемпиондар лигасында 3 гол және Франция чемпионатында тағы 10 гол бар. Сондай-ақ ол 4 нәтижелі пас берген.

«Марсель» кезекті ойынын өз алаңында «Монакоға» қарсы өткізеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram