10.12.2025 11:07
«Барселона» камбэк жасаудан рекорд қойды
10.12.2025 11:07
Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Барселона» «Айнтрахтты» 2:1 есебімен жеңді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде есепті «Айнтрахт» шабуылшысы Ансгар Кнауфф ашты. Алайда оған Жюль Кунде дубльмен жауап қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Каталонияның клубы өз тарихында алғаш рет қатарынан төрт матчта камбэк жасады. Бұған дейін «блауграна» «Бетис» (5:3), «Атлетико» (3:1) және «Алавесті» (3:1) сан соқтырған.
Алты ойыннан кейін 10 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері Чемпиондар лигасында 14-орында келеді. Келесі турда команда 21 қаңтар күні Праганың «Славиясына» қонаққа барады.