10.12.2025 12:48

Ямаль Мбаппенің рекордын бұзды

10.12.2025 12:48

«Барселона» Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Айнтрахтты» 2:1 есебімен жеңді

Матч барысында Ламин Ямаль Жюль Кундеге гол пасын берді. Бұл оның турнирдегі жетінші ассисті болды. Сондай-ақ жеті мәрте гол соққан. Осылайша испан вингері 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Чемпиондар лигасында гол+пас жүйесі бойынша ең көп ұпай жинаған футболшы атанды.

Ямаль бұл көрсеткіш бойынша Килиан Мбаппенің (10 гол + үш нәтижелі пас) рекордын бұзды.

Айта кетейік, Ямаль осы маусымда 17 ойында сегіз гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram