10.12.2025 16:23

Кейн «Баварияда» қалады

10.12.2025 16:23

«Бавария» Кейннің келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартуға дайын

Кристиан Фальк ақпараттарына сәйкес, «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мансабын әрмен қарай Германияда жалғастырғысы келеді. Клубтың да қарсылығы жоқ.

Қазір 32 жасар футболшы үшін Мюнхен клубымен жаңа жүлделер жеңіп алу маңызды. «Бавария» жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер жүргізуді қаңтардың соңында бастамақ.

Шабуылшының ағымдағы келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген. Кейн оны тағы бір маусымға ұзартуға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, Харри 2023 жылдың тамыз айынан бері «Бавария» намысын қорғап келеді. Осы уақыт ішінде ол 113 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram