10.12.2025 16:34

Рамос Манчестер клубына қосылуы мүмкін

10.12.2025 16:34

«Манчестер Юнайтед» Серхио Рамосты қатарға қосқысы келеді

Испанияның 39 жасар тәжірибелі қорғаушысы Серхио Рамос жаңа клуб іздеп жүр. Қазір ол «Манчестер Юнайтед» клубымен келісуге тырысуда. Қорғаушы «МЮ» клубына 2026 жылдың басында қосылуы мүмкін.

Cadena SER ақпарат көзінің хабарлауынша, Рамос қазір «Монтеррей» командасынан кеткенін ресми түрде растады. Енді ол кез келген клубпен келісімшарт жасай алады. Ойыншы Еуропаға оралғысы келетін секілді.

Қазіргі таңда Рамостың қай командаға қосылатыны жайлы нақты ақпарат жоқ, бірақ «қызыл сойқандар» нақты қадам жасауы мүмкін.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram