27.10.2025 23:21
АПЛ 9-турында ерекше жайт тіркелді
27.10.2025 23:21
Ағылшын Премьер-лигасының 9-турында «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Челси» жеңіліп қалды

Атап айтсақ, «қалалықтар» «Астон Виллаға» (0:1) есе жіберді. Лондон клубы «Сандерлендке» (1:2) жол берсе, Арне Слот шәкірттерін «Брентфорд» (2:3) сан соқтырып кетті.
Осылайша Англияның үш алпауыты 2015 жылдан бері алғаш рет бір турдың аясында жеңіліп қалды.
Тоғыз турдан кейінгі турнир кестесінде «Манчестер Сити» – 5-ші, «Ливерпуль» – 7-ші, ал «Челси» – 9-орында келеді.