26.10.2025 02:43

«Ливерпуль» тағы жеңіліп қалды

26.10.2025 02:43

Ағылшын Премьер-лигасының 9-турында «Ливерпуль» түзде «Брентфордқа» жол берді

Лондонда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Данго Уаттара, Кевин Шаде және Игор Тиаго қанжығасын голмен майлады. Ал «Ливерпульдің» екі добын Милош Керкез бен Мұхамед Салах қақпа торына енгізді.

Осылайша «Ливерпуль» АПЛ аясындағы қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты. Бұған дейін команда «Манчестер Юнайтед» (1:2), «Челси» (1:2) және «Кристал Пэласқа» (1:2) есе жіберген еді.

Тоғыз ойыннан кейін 15 ұпайы бар «қызылдар» турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Арне Слот шәкірттері келесі турда 1 қараша күні «Астон Вилланы» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram