19.10.2025 22:58
«Ливерпуль» 11 жыл бұрынғы антирекордын қайталады
19.10.2025 22:58
Ағылшын Премьер-лигасының 8-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедке» (1:2) жол берді

Осылайша Арне Слоттың шәкірттері қатарынан төрт ойында жеңіліп қалды. Бұған дейін «Кристал Пэлас» (1:2), «Галатасарай» (0:1) және «Челсиге» (1:2) есе жіберген еді.
Соңғы рет мұндай сәтсіздік 2014 жылы Брендан Роджерстің тізгінінде болған екен.
Сегіз ойыннан кейін 15 ұпай жинаған Мерсисайдтың клубы АПЛ турнир кестесінде үшінші орында келеді.