19.10.2025 22:28

«Манчестер Юнайтед» «Ливерпульді» тізе бүктірді

19.10.2025 22:28

Ағылшын Премьер-лигасының 8-туры аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Ливерпульден» басым түсті

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде манкуниандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері сапында Коди Гакпо гол соқты. Ал «қызыл сойқандардың» құрамында Брайан Мбеумо мен Харри Магуайр мергендік танытты.

Осылайша 13-ұпайына қол жеткізген «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал еншісінде 15 ұпайы бар «Ливерпуль үшінші сатыда қала береді.

Арне Слоттың командасы келесі турда «Брентфордпен» кездессе, Рубен Аморимнің шәкірттері «Брайтонмен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram