04.08.2026 14:49
«Арсенал» ойыншысын «Милан» алғысы келеді
04.08.2026 14:49
«Арсенал» жартылай қорғаушысы Итан Нванери «Миланға» ауысуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, «россонери» оны өз қатарынан көргісі келеді. «Милан» «Арсеналмен» алғашқы байланыс орнатты, бірақ әлі ресми келіссөз басталмапты. Ал Лондонның клубы төл түлегін шамамен 35 миллион еуроға бағалап отыр.
Одан бөлек Нванериге көз тіккендердің қатарында «Фулхэм», «Эвертон», «Боруссия» Дортмунд және «Лейпциг» бар.
19 жастағы англиялық ойыншы өткен маусымның екінші жартысын «Марсельде» өткізіп, 11 матчта екі гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.