16.04.2026 08:50
«Арсенал» – «Спортинг» матчында антирекорд орнады
16.04.2026 08:50
Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында «Арсенал» өз алаңында «Спортингпен» (0:0) тең түсті

Бұл матчта гол соғылмақ түгілі голға татитын мүмкіндіктер саны яғни xG қос команданікін бірге есептегенде 0.93-ті құрады. «Арсеналдың» xG көрсеткіші 0.64-ті құраса, «Спортингтікі» 0.29 болды. Бұл турнирдің осы маусымындағы ең төмен көрсеткіш.
Нәтижесінде Лиссабонда өткен бірінші матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Арсенал» жартылай финалға жолдама алды. Енді «зеңбірекшілер» ақтық матч жолдамасын ПСЖ-мен сарапқа салады.