29.01.2026 10:04

Артета «Арсеналдағы» 200-жеңісіне қол жеткізді

29.01.2026 10:04

Чемпиондар лигасының сегізінші турында «Арсенал» «Қайраттан» 3:2 есебімен басым түсті

Бұл Микель Артетаның «Арсенал» тізгініндегі 200-жеңісі болды.

43 жастағы испан маманы Лондонның клубын 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жаттықтырып келген еді. Содан бері команда 200 рет жеңіске жетіп, 55 мәрте тең түссе, 70 ойында қарсыласына жол берді.

Ұпайдан шашау шығармаған «зеңбірекшілер» 1/8 финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram