29.01.2026 09:51

Ван Дейк рекорд орнатты

29.01.2026 09:51

«Ливерпуль» капитаны Вирджил Ван Дейк Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

34 жастағы Нидерланд қорғаушысы жалпы кезеңнің сегізінші турындағы «Қарабахқа» (6:0) қарсы ойында үш нәтижелі пас берді. Нақтырақ айтсақ, ол Алексис Макаллистер, Федерико Кьеза және Уго Экитикенің гол соғуына септігін тигізді.

Осылайша Вирджил Чемпиондар лигасында мұндай нәтижені тіркеген тарихтағы алғашқы орталық қорғаушы атанды.

Ван Дейк осы маусымда 33 матчта үш гол соғып, үш ассист жасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram