28.10.2025 09:18

Артета шәкірттері жарап тұр

28.10.2025 09:18

«Арсенал» бес матч қатарынан «құрғақ» жеңіске жетті

Микель Артета жаттықтыратын «Арсенал» соңғы бес ойында қорғаныста шебер өнер көрсетіп, қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік бермей келеді. Қазіргі таңда клуб Премьер-лига кестесінде көш бастап тұр. Чемпиондар лигасында әзірге ұпайдан шашау шығармады.

Лондондық клубтың соңғы бес ойыны:

2:0 — «Олимпиакос»

2:0 — «Вест Хэм»

1:0 — «Фулхэм»

4:0 — «Атлетико Мадрид»

1:0 — «Кристал Пэлас»

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram