18.04.2026 17:44

Асенсио екі аптада алты келі тастады

18.04.2026 17:44

Асқазан ауруына шалдыққан «Реал» қорғаушысы Рауль Асенсионың жағдайы белгілі болды

Cope хабарлауынша, Мадрид клубының дәрігерлері гастроэнтерит вирусына не себеп болғанын және қайдан таралып жатқанын таба алмай дал. Сондықтан Асенсионы медициналық тексерістен өткізіп жатыр.

Ол осыған дейін ауруына байланысты Чемпиондар лигасы ширек финалындағы «Баварияға» (3:4) қарсы матчтан тыс қалған еді. Сондай-ақ вирустың салдарынан екі аптаның ішінде алты келіге азып кеткен және 21 сәуірге жоспарланған «Алавеске» қарсы Ла Лиганың 33-турындағы матчқа қатыспайды.

23 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 31 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram