18.04.2026 16:42
«Реал» ойыншысы «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
18.04.2026 16:42
«Реал» қорғаушысы Дэвид Алаба мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Алаба 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда «Реалдан» кетеді.
Оған «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. Манкуниандықтар тәжірибелі футболшыны жазда еркін агент ретінде тегін алғысы келеді.
33 жастағы Аустрия құрамасының жұлдызы Мадрид клубына 2021 жылы «Бавариядан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда небәрі 13 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.