11.04.2026 22:09

«Астана» – «Ордабасы» матчында жеңімпаз анықталмады

11.04.2026 22:09

Қазақстан Премьер-лигасының 5-турында «Астана» мен «Ордабасы» кездесті

«Астана Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң қонақтарының сапында Жасұлан Әмір 77-минутта есеп ашса, 90+5-те минутта Ян Вороговский командасын жеңілістен құтқарды.

Осылайша «Ордабасы» тоғызыншы ұпайын еншілеп, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал «Астана» сегіз ұпаймен бесінші сатыда келеді.

Андрей Мартиннің шәкірттері келесі турда «Оқжетпесті» қабылдаса, Григорий Бабаянның командасы «Елімайға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram