11.04.2026 21:53
Игор Тьяго рекорд орнатты
11.04.2026 21:53
«Брентфорд» шабуылшысы Игор Тьяго рекорд орнатты

24 жастағы форвард 32-тур аясындағы «Эвертонге» (2:2) қарсы матчта дубль жасады. Осылайша ол АПЛ бір маусымында ең көп гол соққан бразилиялық ойыншы атанды. Тьяго биылғы маусымда 21 мәрте қақпа торын тулатты.
Тьяго осы маусымда жалпы 34 матчта 24 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.