28.12.2025 00:33

«Астон Вилла» «Челсиді» тізе бүктірді

28.12.2025 00:33

Ағылшын Премьер-лигасының 18-турында «Астон Вилла» сырт алаңда «Челсиден» басым түсті

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапынан Жоао Педро есеп ашқан еді. Алайда оған Олли Уоткинс дубльмен жауап қайырды.

Осылайша 39-ұпайына қол жеткізген Бирмингемнің клубы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал еншісінде 29 ұпайы бар лондондықтар бесінші сатыда қалды.

Келесі турда «Астон Вилла» «Арсеналға» қонаққа барса, «Челси» «Борнмутты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram