30.01.2026 11:17
«Атлетико» «Бавария» ойыншысына ұсыныс жасады
30.01.2026 11:17
«Атлетико» «Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецкаға ресми ұсыныс жасады

Николо Скираның хабарлауынша, Мадридтің клубы 30 жастағы ойыншы үшін 2-3 миллион еуро төлеуге дайын. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Леонның өзі «матрасшылар» сапына қосылуға дайын екен.
Горецка осы маусымда 28 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.