07.02.2026 13:11
«Атлетико» ойыншысы қатардан шықты
07.02.2026 13:11
«Атлетико» жартылай қорғаушысы Пабло Барриос жарақат алды

22 жастағы испан ойыншысы Испания кубогының ширек финалындағы «Бетиске» (5:0) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен бір айға жуық уақыт командасына көмектесе алмайды.
Барриос осы маусымда 32 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.