08.04.2026 20:10

«Атлетиконың» жеті ойыншысы «Барселонаға» қарсы ойнамауы мүмкін

08.04.2026 20:10

«Атлетиконың» жеті бірдей ойыншысы Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы «Барселонаға» қарсы қарымта матчқа қатыспауы мүмкін

Нақтырақ айтсақ, егер бүгінгі ойында Джулиано Симеоне, Тьяго Альмада, Марк Пубиль, Маркос Льоренте, Клеман Лангле, Робин ле Норман немесе Маттео Руджери ескерту алатын болса сары қағаздың көптігіне байланысты жауап ойынынан тыс қалады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчы аясында «Камп Ноуда» өтетін «Барселона» – «Атлетико» кездесуі бүгін, сағат 00:00-де басталады. Ал қарымта матч тура бір аптадан кейін, 14 сәуір күні Мадридте болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram