08.04.2026 17:11

Конате «Ливерпульде» қалады

08.04.2026 17:11

«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубта қалады

Абделла Булманың хабарлауынша, қос тарап бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін ақыры бір тоқтамға келіпті. Енді ұзақмерзімді жаңа келісімшартқа қол қоймақ. Бірақ әлі де нақты шешілмеген құжаттың бірнеше шарттары бар екен.

26 жастағы француз Мерсисайдтың клубына 2021 жылдың жазында «Лейпцигтен» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 42 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram