31.10.2025 10:45
«Барселона» Осимхенге қызығушылық танытты
31.10.2025 10:45
Каталонияның «Барселонасы» шабуылшы қарастыруда

«Барселона» шабуыл шебін күшейту мақсатында Виктор Осимхенді өз қатарларына қосқысы келеді. Алайда шабуылшының трансферлік құны тым жоғары.
Қазіргі таңда Осимхен Түркияның «Галатасарай» клубының намысын қорғайды. Стамбулдықтар оған 75 миллион еуро төлеп, 2029 жылға дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Сондықтан клуб ойыншыдан оңайлықпен айырыла қоймайды.
Дегенмен, футболшының өзі қаласа, жағдай өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда «Барселона» өз мүмкіндігін пайдалануға тырысады.