31.10.2025 10:20
Ямальға ота жасалуы мүмкін
31.10.2025 10:20
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальға қасаға тұсындағы жарақаты әлі де маза бермей тұр

Қазіргі таңда 18 жастағы испаниялық вингердің жағдайы бірқалыпты. Бірақ бұл жарақаты алдағы апталарда асқынып кетсе, ота жасатуға тура келеді.
Ямаль матчтарға өзін жайсыз сезінгеніне қарамастан қатысып жүр екен.
Ол осы маусымда сегіз ойында үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.