31.10.2025 09:45

Мотта А Сериясының клубын тізгіндеуі мүмкін

31.10.2025 09:45

Осы маусымда әлі жеңіске жетпеген «Фиорентина» бас бапкері Стефано Пиолиді қызметінен босатуы мүмкін

Қазір Пиолидің орнын басуға «Ювентус» пен «Болоньяның» бұрынғы бапкері Тьяго Мотта басты үміткер болып тұр.

Сондай-ақ кандидаттар қатарында Даниэле де Росси, Алессандро Неста және Паоло Ваноли бар екен.

Айта кетейік, тоғыз турдан кейін төрт ұпай жинаған «Фиорентина» Италия чемпионатында 19-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram