29.12.2025 16:16
«Бавария» екі ойыншысымен келісімшартты ұзартады
29.12.2025 16:16
«Бавария» екі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартады

Sky Sport Germany хабарлауынша, Мюнхеннің клубы қорғаушы Конрад Лаймермен 2029 жылға дейін жарамды құжатқа қол қояды. Одан бөлек вингер Серж Гнабримен келісімді 2028 жылға дейін созады.
Айта кетейік, 15 турдан кейін 41 ұпай жинаған Венсан Компани шәкірттері Германия Бундеслигасында жеке-дара көш бастап тұр.