29.12.2025 15:30
«Барселона» үш қорғаушыға көз тікті
29.12.2025 15:30
«Барселона» қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Mundo Deportivo хабарлауынша, Каталонияның клубы Италия А Сериясында доп тебетін қорғаушылар Стефан де Врей («Интер»), Кони де Винтер («Милан») және Жуан Жезуске («Наполи») қызығушылық білдіріп отыр.
Ал күйзелісте жүрген Рональд Араухо мен келер жазда келісімшарты аяқталатын Андреас Кристенсен «блаугранадан» кетуі мүмкін.
Айта кетейік, 18 турдан кейін 46 ұпай жинаған Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.