29.12.2025 14:42

Тер Штеген «Жиронаға» ауысуы мүмкін

29.12.2025 14:42

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген «Жиронаға» ауысуы мүмкін

Sport.es хабарлауынша, «жироналықтар» 33 жастағы неміс голкиперін осы қыста қатарына қосуды көздеп отыр.

«Барселонада» негізгі құрамдағы орнынан айырылған Марктың өзі де клуб ауыстыруға дайын екен. Ол Германиямен алдағы Әлем чемпионатына бару үшін көбірек матч өткізіп, көзге түскісі келеді.

Тер Штеген 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмады. Ол 16 желтоқсан күні ғана Испания кубогының 1/16 финалындағы «Гвадалахарамен» (2:0) ойында алаңға оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram