29.12.2025 11:08
Ғалымжан Кенжебек «Елімайдан» кетті
29.12.2025 11:08
«Елімай» Ғалымжан Кенжебекпен қош айтысқанын хабарлады

22 жастағы вингер Семей клубының сапына маусымның ортасында қосылған еді. Осы аралықта 11 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Осыған дейін Ермұхамед Мәулен Кенжебектің Ресейдің «Ахмат» клубына ауысатынын айтқан еді. Станислав Черчесов баптайтын бұл клубта одан бөлек тағы бір отандасымыз Максим Самородов тер төгеді.