29.12.2025 15:06
Семеньо «Манчестер Сити» ойыншысы атануға жақын
29.12.2025 15:06
Антуан Семеньо «Борнмуттан» «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

Sky Sports хабарлауынша, 25 жастағы Гана вингерінің агенті бүгін келіссөзді аяқтау үшін Манчестер қаласына ұшып барады. Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны 65 миллион еуроны құрайды екен.
Семеньо осы маусымда 18 матчта тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.