15.12.2025 13:46
«Бавария» ойыншысына «Реал» мен ПСЖ таласады
15.12.2025 13:46
«Бавария» қорғаушысы Дайо Упамекано осы қыста клуб ауыстыруы әбден мүмкін

Bild хабарлауынша, 27 жастағы французды «Реал» мен ПСЖ өз қатарына қосқысы келеді.
Ал «Бавария» Дайомен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту үшін күш салып жатыр.
Осыған дейін Footmercato Упамеканоның «Реалмен» келісімге келгені туралы жазған еді.
Осы маусымда ол 20 матчқа қатысып, бір гол соқты.