15.12.2025 11:51

Боуэн АПЛ-дегі 100-ші нәтижелі әрекет жасады

15.12.2025 11:51

Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Вест Хэм» өз алаңында «Астон Виллаға» 2:3 есебімен есе жіберді

Матчтың 24-минутында Лондон клубының дүлдүлі Джаррод Боуэн мергендік танытты. Осылайша 28 жастағы жергілікті вингер АПЛ-дегі 100-ші нәтижелі әрекетін тіркеді. Ол 216 матчта 61 гол соғып, 39 ассист берген.

Айта кетейік, Боуэн «Вест Хэмде» 2020 жылдан бері ойнап келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram