15.12.2025 11:33
«Реал» шабуылшысы Бундеслигаға ауысуы мүмкін
15.12.2025 11:33
«Реал» шабуылшысы Гонсало Гарсия мансабын Германия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, 21 жастағы испан футболшысына «Штутгарт» пен «Айнтрахт» қызығушылық танытып отыр.
Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Астон Вилла», «Лидс», «Вулверхэмптон» және «Брайтон» бар екен.
Гарсия осы маусымда алаңда небәрі 233 минут өткізіп, бір нәтижелі пас берді.