15.12.2025 12:06

«Лейпциг» вингеріне төрт клуб «құда түсті»

15.12.2025 12:06

«Лейпциг» вингері Ян Диоманде мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы бек мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, 19 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысына «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси» және «Тоттенхэм» көз тігіп отыр.

Аталған төрт клуб Ян үшін қысқы трансфер кезеңінде таласқа түспек. Ал «Лейпциг» жұлдызын 100 миллион еуроға бағалап отыр.

Диоманде осы маусымда 16 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram