18.06.2026 17:37
«Бавария» Олисемен келісімшартты ұзартпақ
18.06.2026 17:37
Майкл Олисе «Баварияда» қалады

Экрем Конурдың хабарлауынша, Мюнхеннің клубы 24 жастағы француз вингерімен келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз бастады. Егер бәрі сәтті болса Майкл Әлем чемпионатынан кейін жаңа келісімшартқа қол қояды.
Олисе «Баварияға» 2024 жылдың шілдесінде «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 52 матчта 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді.