12.04.2026 11:39
«Бавария» рекорд орнатты
12.04.2026 11:39
Германия Бундеслигасының 29-турында «Бавария» сырт алаңда «Санкт-Паулиді» 5:0 есебімен жеңді

Осылайша ішкі біріншіліктің осы маусымындағы 104-голын соғып, бір маусымдағы голдар бойынша рекорд орнатты. Осыған дейінгі үздік нәтижені өздері 1971/72 жылғы маусымда тіркеп, ол кезде команда 101 гол соққан.
29 турдан кейін 76 ұпай жинаған Мюнхеннің клубы турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Венсан Компани шәкірттері келесі кездесуін 15 сәуір күні Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчы аясында «Реалға» (2:1) қарсы өткізеді.