11.04.2026 23:09
«Милан» «Удинезеден» ірі есеппен жеңілді
11.04.2026 23:09
Италия А Сериясының 32-турында «Милан» өз алаңында «Удинезеге» ірі есеппен жеңілді

«Сан-Сиро» стадионында өткен кездесуде 0:3 есебі тіркелді. Алаң қонақтарының сапында Юрген Эккеленкамп пен Артур Атта гол соқты. Сондай-ақ Давиде Бартезаги автогол авторы атанды.
Осылайша «россонерри» 63 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында қалды.
Келесі турда Массимилиано Аллегри шәкірттері 19 сәуір күні «Веронаға» қонаққа барады.