05.12.2025 16:04
«Бавариядан» бір ойыншы кетеді
05.12.2025 16:04
Леон Горецка «Бавариядан» кетеді

Bild хабарлауынша, қос тарап келер жазда аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатырған жоқ. 30 жастағы жергілікті жартылай қорғаушының Мюнхен командасында қалуы неғайбыл болып тұр.
Ал TMZ мәліметінше, «Бавария» Горецканың орнына футболшы іздеуді қазірден бастап кетті. «Қызылдардың» көзі «Брайтонның» 21 жастағы жұлдызы Карлос Балебаға түсіпті. Англияның ұжымы 85 миллион еуро ұсыныс түскен жағдайда ғана келіссөз бастауға дайын екен.
Айта кетейік, Балеба осы маусымда 17 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.